|
30.01.2020 | 14:47
6508

Түрксіб ауданы тұрғындары қоғамдық көлік пен аялдамалар жетіспейтінін айтып шағымданды

12 күн бұрын тағайындалған әкім Бақытжан Ақжаров есеп берді

Түрксіб ауданы тұрғындары қоғамдық көлік пен аялдамалар жетіспейтінін айтып шағымданды

Бүгін 12 күн бұрын ғана Түрксіб ауданының әкімі болып тағайындалған Бақытжан Ақжаровтың есеп беру кездесуінде халықтың көтерген басты проблемасы осы болды. Бүгінде ауданда 564 қоғамдық көлік түрлі бағытта қатынайды. Деседе, ол Түрксібтегі проблеманы шешпей жатқан көрінеді,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Ауданда 2019 жылы өндіріс көлемі 194 млрд. теңгеден асқан. Еңбек өнімділігі 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 123,5 пайызды құрапты. Ал инвестиция салымының көлемі 68 млрд теңгеден артқан. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша аудандағы бөлшек сауданың айналым көлемі 269 млрд. теңгеге жуықтаса, көтерме сауда айналымының көлемі ағымдағы жылы 933,2 млрд. теңгені құрады. Ауданда бұдан бөлек, 4 137 адам жұмыспен қамтылған.

Алматы қаласы Түрксіб ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы:

өндіріс көлемі 194,4 млрд тг  

еңбек өнімділігі 4,2 млн тг

инвестиция 68,1 млрд тг

бөлшек сауда айналым көлемі 269,4 млрд тг

көтерме сауда айналым көлемі 933,2 млрд тг

4 137 жұмыс орны

2016 - 2019 жж. 95 жоба 36,9 млрд тг

Түрксіб ауданының су жаңа әкімі әдеттегідей жиналысты өткен жылдың қорытындысымен бастады. Аудан үшін маңызды мәселелердің бірі көгілдір отын. Түрксібтегі барлығы 25 мың жеке үйдің 24 мыңы орталық газ құбырына қосылған. Қалғаны тек 935 түтін. Сондай-ақ, 2019 жылы 15 шақырым жол жөнделіп, 5 шақырым жаяу жүргіншілер жолы төселді. 2 сауда орны модернизаицялаудан өтіп, биылғы жылы тағы 4-уін жаңарту қолға алынбақ.  

«Жарықтандыру бойынша өткен жылы біз барлық көшені инвентаризациядан өткіздік. 254 көшеде жарық жоқ екенін анықталды. Онда биыл жарықшамдар жүргізіліп, 6700 жуық бағана орнатылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, өткен жылы Майлин, Рысқұлов, Сүйінбай көшелеріндегі шамдар тұтас ауыстырылды», - деді Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан АҚЖАРОВ.

Одан әрі сұрақ-жауап форматында жалғасқан жиналыста тұрғындар көбіне жолдағы қауіпсіздік мәселесін көтерді. Соның ішінде мектеп маңындағы автомобиль жолдарына жаяу жүргіншілер жолағын немесе бағдаршам орнатуды сұрады.    

«Дулатов-Сейфуллин қиылысында жаяу жүргіншілер жолы бар. Маңайында аялдама, школа №174 мектеп тұр, сол жерге бағдаршам орнатсаңыздар», - деді бір тұрғын.  

Аудандағы басты проблемалардың бірі – қоғамдық көлік. Мұнда №564 автобус түрлі бағытта қатынағанымен әлі де болса, мәселе шешімін таппай келеді. Тұрғындар аялдамалар көбейсе екен деген өтініштерін айтты.    

Осылайша, әкім аудандағы аялдама проблемасын биыл толық шешемін деп уәде етті. Ал, қоғамдық көлік мәселесі қалалық деңгейде қаралатындығын айтты. Екі сағаттан аса уақытқа созылған кездесуге 300 тұрғын қатысып, барлығы 38 сұрақ қойылды.  

Арнат Дүйсен, Ғани Қалуов, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир