Әл-Фараби мен Абайға арналған ғылыми конференция өтті

28.02.2020 04:10

Шараны ұйымдастырудағы мақсат – ғұламаларымыз қалдырған асыл мұраны қадірлеу, ұлттық мәдениетті бойымызға сіңіру

Әл-Фараби мен Абай мұралары» тақырыбында студенттер мен магистранттар  және жас ғалымдардың қатысуымен ғылыми конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ғылыми жобаның басты тақырыбы қазақ руханиятының қайнар көздері болған Әл-Фараби мен Абайға арналды.

Шараны ұйымдастырудағы мақсат –  ғұламаларымыз қалдырған асыл мұраны қадірлеу, ұлттық мәдениетті бойымызға сіңіру. Ғылыми жобаға Қазақстанның әр аймағынан жиналған 90 жұмыс келіп түсті. Үздік танылған жоба қатысушылары арнайы алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Бұны биыл бастап отырған себебіміз - 1995 Юнесканың шешімі бойынша сол жылы әлемдегі Абай жылы болатын, сол жылы біздің де Академия құрылып негізі осы конференцияны өтіп жатырмыз. Бұдан бөлек, ертең де осының жалғасы ретінде рухани байлықтарымызға арналған іс-шараларымыз өтеді» , – деді «Азаматтық авиация академиясы» АҚ проректоры Сайлау ҚАСАБЕКОВ.