Алматы полициясының әлеуметтік желіде 500-ге тарта парақшасы бар

23.06.2021 04:10

Бұл туралы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов айтты

Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқевтың «Жұртқа жақын полиция» атты жолдауындағы полицияның атқарар қызметі мен қоғамдағы рөлі туралы Akimat Live  бағдарламасының тікелей эфирінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласы Полиция департаменті қызметкерлерінің әлеуметтік желіде  500-ге тарта парақшасы жұмыс істейді.

«Мемлекет басшысының жолдауындағы «Жұртқа жақын полиция» қағидаты бұл Президенттің полицияға қойған талабы. Бұл 2020 жылдың  қаңтар айында ҚР ІІМ алқа жиынында осы мәселе көтеріліп, полицияға қызметкерлеріне нақты тасырма берілген болатын. Негізгі мақсат полиция әрдайым қолжетімді болу керек. Халыққа жақын болу керек деген ұстанымды ұстау. Мәселен, Алматы қаласы бойынша менен бастап, менің орынбасарларым, басқарма бастықтары, 102 бөлімше инспекторлары бәрі Facebook әлеуметтік желілерінде парақша аштық. Алматы қаласы Полиция департаменті қызметкерлерінің әлеуметтік желіде 500-ге тарта парақшасы жұмыс істейді.  WhatsApp-та, басқа мессенджерлерде арнайы жауап беру мүмкіндігіміз бар. Халықтың кез келген жолдаған сауалына жауап беріп жатырмыз. Бұл біздің жұмысымызды жеңілдетіп, халыққа жақын етті. Мысалы, бұрын біздің бөлімшелерге 12-13 мың жазбаша сұрақ келетін болса, қазір олардың саны 5-6 мыңға азайды. Яғни, халық өз сауалына біздің парақшаларымыздағы ақпарат арқылы жауап алып жатыр деген сөз. Бұл ‒ біздің басты мақсаттарымыздың бірі болған», ‒ деп жауап берді Қанат Таймерденов.

Одан өзге учаскелік полицейлер мен тұрғындарға жасалып жатқан жағымды жаңалығын бөлісті.

«Өздеріңіз білетіндей, осы бір айдың көлемінде Алматы қаласы мәслихаты және әкімдігімен бірге көптеген іс-шаралар жасалып, арнайы алдағы үш жылдыққа жоспар жасап  жатырмыз. Бірінші орында, әрине, полияция қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту. Соның бірі – қоғамдық орындарда, тұрғын-үй кешендерінде полияция бақылау бекеттері мен учаскелік полицейлердің тірек пункттері салыну жоспарлануда. Ондай тірек пунктер алдағы үш жылда қала бойынша 29, ал осы жылы 9 пункт ашылады. Бұл тірек пункттер полиция мен халықтың етене жұмыс жасап, бір-біріне жақын болуына көмектеседі», ‒ деді Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Даниярұлы.