|
02.03.2021 | 15:00
3111

Алматыда еріктілер дәрігерлер мен полицейлерге тәтті таратты

Алматыда еріктілер көктемнің алғашқы күнін алғыс айтумен бастады

Алматыда еріктілер дәрігерлер мен полицейлерге тәтті таратты

Алматыда еріктілер көктемнің алғашқы күнін алғыс айтумен бастады. Республика көлемінде аталып жатқан мерекеде рахмет айтумен қатар, пандемия кезінде демалыссыз жұмыс істеген дәрігерлерге, кірпік қақпай тұрғындардың қауіпсіздігіне жауап берген полиция қызметкерлеріне тәттілер сыйлады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бүгінгі жасап жатқан қызметтеріңізге мың алғыс. Осындай жас волонтерлар бізді елеп-ескеріп жатқандарына қуаныштымыз. Біздің пациенттеріміз де бізге алғысын білдіріп жатыр», – деді дәрігер Қарлығаш Қасымақынқызы.

«Пандемия кезінде қызмет атқарған медицина қызметкерлеріне, полиция қызметкерлеріне және басқа да жұмыс атқарған кісілерге алғысым шексіз. Өзіміздің еріктілерге алғысымызды білдіреміз», – деді қалалық жергілікті полиция басқармасының бөлім басшысы Диас Дуанбеков.

«Қаламыздың күні-түні көркеюіне күн демей, түн демей суығына шыдап, қаламыздың көркеюіне жұмыс істеп жүрген комуналдық қызметкерлерге, тәртіп сақшылары мен өрт сөндірушілерге алғысымызды білдірейін деп осындай акция ұйымдастырып жатырмыз», – деді ерікті Дулат Сайлауов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир