Жарысқа 36 журналист қатысты
Алматыда журналистер күніне орай БАҚ өкілдері арасында боулингтен командалық турнир өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жарысқа 36 журналист қатысты. Олар 6 топқа бөлініп бақ сынады.
Бірінші орынды сайт қызметкерлерінен құралған «Тау жұлдызы» тобына бұйырды. Бұл топтың құрамында Almaty.tv, matrica.kz, nege.kz, ҚазАқпараттың журналистері болды. Ал екінші орынды мерзімді баспасөз өкілдерінен құралған «Қазақтанушы» тобы, үшінші орынды мерзімді баспасөз өкілдерінен құралған «Алтын із» тобы жеңіп алды. Сондай-ақ «Самғау», «Ақсүйек», «Шалқар» тобы арнайы сыйлықпен марапатталды.
Айта кетейік, шараны «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры» ұйымдастырды.