Қазақстан азаматшасы Таиландта түрмеге түсті

27.07.2019 04:46

Бойжеткен алты айдан астам уақыт «еркін» турист ретінде мерзімі өтіп кеткен визамен Тайланд аумағында жүрген

Қазақстан азаматшасы Таиландтағы көші-қон түрмесіне түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

1995 жылғы Қазақстандық қыз алты айдан астам уақыт «еркін» турист ретінде мерзімі өтіп кеткен визамен Тайланд аумағында жүрген. Енді ол депортациялануы мүмкін. Қыз бен оның досы, Ресей азаматы, Бангкок әуежайында ұсталған.

«Консул онымен жеке сөйлесті. Ол шынымен де Қазақстан азаматшасы екен. Енді шешім шыққанға дейін ол көші-қон түрмесінде болады. Үкім келесі аптада шығады. Алдын ала ақпарат бойынша, оны депортациялайды. Әзірге қылмыстық жауапкершілік туралы сөз болған жоқ. Ұстау жағдайына шағым жоқ», - дейді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Теги: Тайланд