ЖЭС ма әлде көлік пе: Мамандар Алматының экологиясының ластану себебін іздеуде

Almaty.tv
Almaty.tv
Экологтар ауаны бақылау бекеттерінің санын көбейту керектігін алға тартуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы экологиясын қалай жақсартамыз? Бұл сұрақ көпті мазалап жүр. Оның салдарын анықтау барысында мамандардың ойы екі бөлінді. Бірі көліктің көптігінен ауа ластанып жатыр десе, енді бірі - екінші Жылу электр стансасы дейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Екінші жылу электр стансасы Алматыдағы ауаның ластануына себеп болып табылады. Бұл тұжырымды тәуелсіз сарапшылар жасады. Олардың сөзінше, кейбір бақылау компаниялары қате зерттеу әдісін пайдаланды дейді.

«Әрбір ластаушы заттардың адам денсаулығына әртүрлі дәрежеде қауіпті екенін түсіну керек және әртүрлі ластаушы заттар үшін шекті рұқсат етілген концентрация айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Әлемде ешбір жерде әртүрлі ластаушы заттар жинақталмаған», – деді қоғамдық қордың ғылыми қызметкері Айгүл КЕРІМРАЙ.

Сонымен қатар, ауаның ластануының көп бөлігі көліктен келетінін анықтаған зерттеу компаниясы бұл тұжырыммен келіспейді. Олардың ғылыми зерттеу нәтижелері көптеген экспертизадан өтті дегенді алға тартады.

«Бұл есептеулерде барлық автомобиль есепке алынады. Олардың шығарылған жылы туралы мәліметтер жиналды. Егер білетін болсаңыздар, Еуро 2,3,4,5 деген экологиялық норма бар. Автокөліктердің әр тобы үшін олардан шығатын газдарға арнайы формула бойынша, арнайы медотикаға сәйкес есептелді», – деді зерттеу компаниясының ғылыми-қолданылуы жөніндегі директордың орынбасары Владислав БЕНСМАН.

Владислав Бенсманның пікірінше, Алматыдағы негізгі ластаушы заттардың бірі екінші жылу стансасы екенін айтады. Алайда бұл мәселені тек газға айналдыру арқылы ғана емес, сонымен бірге міндетті түрде көліктік қозғалысты реттеу және жол айрықтарын салу қажеттігін айтады. Ал, экологтар жыл сайын қыста қаладағы ауа проблемалары туындайтынын айтады. Мұның негізгі себептері ауа-райының өзгеруі, қаланың орналасуы және жылыту маусымы.

«Табиғи-климаттық жағдайлар қазіргі проблемаларды тудырады - бұл ластаушы заттардың белгілі бір мөлшері ауда жиналып және оны тарату қиындайды. Яғни, біз таулы аймақта болғандықтан қаланы жоспарлау кезінде осы жағдайларды ескеру керек еді. Алматыда тек «Орбита» ықшаауданы ғана дұрыс жерде орналасқан дейге болады», – деді эколог Айжан СКАКОВА.

Мамандардың айтуынша, экологиялық проблеманы шешу үшін зерттеудің жаңа әдістеріне жүгіну керек. Сондай-ақ, ауаны бақылау бекеттерінің санын көбейту керек және негізгі ауа ластау көздерінің мәселесін шұғыл шешу керек дейді.

Арнат Дүйсен, Рашид Шүкіралиев, НҰржан Оразбеков, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров