Бұл жайында өзінің Instagram парақшасында қалалық Спорт басқармасының жетекшісі Рүстем Байсейітов жазды
Түрксіб ауданының Жас қанат ықшамдаудандағы №198 жалпы білім беру мектебіндегі балалар қазақ күресі, еркін күрес, таеквондо WTF, волейболмен ақысыз негізінде айналысады, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Қаланың барлық бөліктерінде балаларға спортпен шұғылдану үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету, біздің жұмысымыздың басым бағыттардың бірі. Бүгін Түрксіб ауданының Жас қанат ықшамдаудандағы №198 жалпы білім беру мектебінде болдым. Балалар қазақ күресі, еркін күрес, таеквондо WTF, волейболмен ақысыз негізінде айналысады. Спорттық жетістіктер қазірдің өзінде де бар! №15 БЖСМ және №10 МОРБЖМ басшыларына спорттық мектептерге жаттықтырушыларды қабылдап, ал балаларды спорттық мектептің контингентіне қосу туралы тапсырма бердім. Бұл жас спортшылардың ары қарай өсуіне мүмкіндік береді! Қаладағы барлық спорттық секцияларының түгендеу жұмыстарын бастадық" - деп жазды Рүстем Байсейітов.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Рустем Байсеитов (@rustembai)22 Фев 2020 в 4:48 PST