|
Qoǵam
26.02.2020 | 23:55

Әбілфайыз Ыдырысовтың 90 жылдық мерейтойына арналған алқасөз отырысы өтті

Ұстаз құрметіне өзі жазған кітаптары мен естелік суреттері қойылған көрме ұйымдастырылды

Әбілфайыз Ыдырысовтың 90 жылдық мерейтойына арналған алқасөз отырысы өтті turkystan.kz

Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді. Бүгін қара шаңырақ Қазақ Ұлттық Университетінде журналистика саласының саңлақ жазушысы Әбілфайыз Ыдырысовтың 90 жылдық мерейтойына арналған алқасөз отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.  Өнегелі өмірінде шәкірттеріне журналистика мен баспаның қыр-сырларын меңгерткен ұстаздың құрметіне өзі жазған кітаптары мен естелік суреттері қойылған көрме ұйымдастырылды.

«Ол кісі бізге үш оқу құралын жазған адам.  Газет шығару техникасы бойынша  сол пәннен дәріс оқыды. Міне бірініші еңбегі. Екінші еңбегі – осы пәндерді бізге үйретті. Осыдан артық ештеңе айтуға да болмайды. Бірақ осы еңбектерінің өзі бізге тарих жағынан да, келешек тұрғысынан  да керемет үлгі, өнеге, игілік деп айтуға болады», – дейді ҚазҰУ Журналистика факультетінің профессоры Кәкен ҚАМЗИН.

‡агрузка...