Шымкентте «бомба жарылысы» туралы жалған хабар таратқан күдікті ұсталды

27.06.2019 04:55

Жұрт арасында дүрбелең туғызған күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Шымкент қаласының эвакуациялық бекеттердің бірінде Арыс қаласының тұрғыны «Арыста қуатты бомба жарылып, Шымкентке жетеді» деген хабарламаны естіп, сол жердегі адамдарға таратқан, деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жұрт арасында дүрбелең туғызған күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 274-бабы 1-бөлігі «Көрінеу жалған ақпарат тарату, яғни қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.


Теги: жарылыс