Алматыда ДЕПО ардагерлері марапатталды

14.12.2019 04:58

Оларға алғыс грамоталары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді

Бүгін Nur Otan партиясы Түрксіб аудандық филиалы «Алматы эксплуатациялық локомотивті депосымен бірлесе, Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырды. Шара аясында ДЕПО ардагерлері, еңбек сіңірген қызметкерлер алғыс грамоталарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

«Түрксіб ауданында Тәуелсіздік күніне орай, бұдан бөлек тағы бірқатар шаралар ұйымдастырылатын болады. Солардың бірі – аз қамтылған отбасылардың, көпбалалы аналардың, еңбек ардагерлерінің үйлеріне барып, оларды қажеттіліктеріне қарай киім-кешекпен, тамақпен қамтамасыз етеміз, қолдау көрсетеміз», - деді Алматы қаласы Түрксіб аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Елдар НИЗАМДИНОВ.