Жүргіншіге жол бер: «Сергек» камерасында жаңа функция пайда болды

19.12.2023 17:48

Пилоттық жоба алдымен Алматыда іске қосылды

elements.envato.com

«Сергек» камералары жүргіншілер жолағында адамдарды өткізбеген көлік жүргізушілерін де тіркейді. Пилоттық жоба алдымен Алматыда іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

ІІМ өкілдерінің мәліметінше, интеллектуалды жүйе жол жүрісі қағидаларын бұзуды тіркеп қана қоймай, жол-көлік оқиғаларының алдын алып, ықтимал қауіпті жүргізушілерді анықтайды. 

Айта кетейік, биыл жүргіншілер жолағында 600-ге жуық адам көлік астына түсіп, көз жұмған.

Оқи отырыңыз: Алматыда қытай автомобильдері шығарылады