Оларға табысына қарамастан ай сайынғы жәрдемақы төленеді
Бірқатар БАҚ, ақпараттық топтар мен әлеуметтік желі парақшаларында қолданыстағы заңнамаға сәйкес 6 және одан да көп балалы отбасылар ғана көпбалалы отбасы болып саналады деген жалған ақпарат, деп хабарлайды Almaty.tv.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары немесе бірге тұратын 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар отбасына көпбалалы отбасы мәртебесі берілетінін хабарлайды.
Мұндай отбасыларға табысына қарамастан ай сайынғы жәрдемақы төленеді.
2025 жылы көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақының мөлшері баланың санына қарай сараланып есептеледі:
Сонымен қатар, 6 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген, «Күміс алқа», «Алтын алқа» алқалары бар немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға мынадай мөлшерде ай сайынғы жәрдемақы төленеді:
Азаматтардан тек ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сенуін сұраймыз.
Министрлік өкілдері жалған ақпарат тарату заң бойынша жауапкершілікке тартылатынын еске салады.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында кәмелетке толмағандар тыйым салынған жерлерде ұсталды