Қабылданған шаралардың арқасында жыл сайын балық өсіретін шаруашылықтар саны артып келеді
2021 жылдан бер елдегі балық өсіретін шаруашылық саны 650-ге жеткен. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
"2021 жылдан бері балық шаруашылығына бөлінген субсидия көлемі 7 есе өсіп, 2025 жылы 3,5 млрд теңге болды. Қабылданған шаралардың арқасында жыл сайын балық өсіретін шаруашылықтар саны артып келеді. 2021 жылдан бүгінге дейін олардың саны 4 есе көбейіп, 650 шаруашылыққа жетті", - деді ол.
Айтуынша балық өсіру жақсы дамыған өңірлер легі төмендегідей:
Жалпы 2025 жылдың 10 айында шамамен 12,2 мың тонна балық өсірілген.
Оқи отырыңыз: Абай облысында браконьер ұсталды