Жүргізушілерге жылдамдық шегіне бағыну, жолдарда сақ болу және ауа райының нашарлауына байланысьы сақ болу керегі ескертілді
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жолдағы қазіргі жағдай туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
5 қарашадан бастап жолдардың бірнеше бөлігінде көлік қозғалысы шектелді.
Шығыс Қазақстан облысында таңғы сағат 8:00-ден бастап Осиновский асуында тіркемелі және жартылай тіркемелі жүк көліктері үшін уақытша көлік қозғалысына шектеу қойылды. Шектеу Өскемен-Алтай-Қатон-Қарағай-Рахман қайнары тас жолында (46-66 км, Северное ауылы – Серебрянск қ.) қолданылады.
Бұл шара таудағы жағдайларға байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданды және қысқы маусымның соңына дейін күшінде қалады.
Түркістан облысында Келес ауданындағы А-15 тас жолында (Жиззах-Гагарин-Жетісай-Киров-Қызыләскер-Сарыағаш-Абай-Жібек жолы) 175 және 183 шақырым аралығында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көлік қозғалысының көптігіне байланысты бұл учаскеде 10 қарашаға дейін жол қозғалысына уақытша шектеу қойылды.
5 қарашада Қостанай, Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Жетісу облысында жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады.
Жүргізушілерге жылдамдық шегіне бағыну, жолдарда сақ болу және ауа райының нашарлауына байланысьы сақ болу керегі ескертілді.
Оқи отырыңыз: Қар шығару жұмыстарының сапасын арттыру үшін Алматыда жол бойындағы боллардтар алынып жатыр