8 200 патрульдік полиция жетіспейді – Ержан Сәденов

Depositphotos
Depositphotos

Оның айтуынша, бұл мәселелер өткен аптада Үкімет отырысында қаралып, нақты тапсырмалар берілген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде 8 200 патрульдік полиция қызметкері жетіспейді. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Республикалық жолдардың тек 12 пайызы ғана қауіпсіздіктің барлық параметріне сай келеді. 4 және одан да көп жолақты 6 мың шақырымнан астам жол салу қажет. Елді мекендерге қатысты мәселе де өткір тұр. Жол-көлік оқиғалардың 85 пайызы соларда болады. 59 жерасты, 119 жер үсті жаяу жүргішілер өткелін, шамамен 600 бағдаршам, 1 мың шақырымнан астам жаяу жүргінші қоршауын, 15 мың шақырымды жарықтандыру, 70 мың шақырым жаяу жүргінші жолын, 2 800 шақырым веложол салу қажет", - деді Ержан Сәденов ІІМ-де өтіп жатқан Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, бұл мәселелер өткен аптада Үкімет отырысында қаралып, нақты тапсырмалар берілген. Орындау мерзімі нақтыланған. 

"Тағы бір фактор – патрульдер штатының жетіспеушілігі. Бұл негізгі қызмет саналады. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті қорғайды. Мұның үстіне халық пен автопарк саны артып келеді. Тағы да 8 200 штаттық бірлік қажет", - деді министр.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында «S-Group» қаржы пирамидасының бөлімше басшыларына қатысты тергеу аяқталды

 

Новости партнеров