Референдумға дейін:
15
күн
22
сағат
22
минут

Алаяқтардың жаңа айласы: 8 наурыз қарсаңында арзан гүлге алданбаңыз

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Мамандар мереке жақындаған сайын алаяқтардың әрекеті күшейетінін айтады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Көктемгі мереке жақындаған сайын Қазақстанда интернет-алаяқтар белсенді әрекет ете бастады. Әсіресе «өте арзан» қызғалдақ іздегендер алданып қалуы мүмкін, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Finratings.kz жазуынша, алаяқтар әлеуметтік желілерде жалған парақшалар ашып, шынайы гүл дүкендерінің суреттерін көшіріп, нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен бағада «ірі жеткізілім» туралы хабарландырулар жариялайды.

Құқық қорғау органдарынан хабарлағандай, алаяқтар арзан, тартымды баға ұсына отырып, клиентті «тауар аз қалды» деп асықтырады, алдын ала төлем талап етеді. Ақша аударылған соң «сатушы» байланысқа шықпайды немесе парақшасы бұғатталып тұрады.

Бұдан да қауіптісі  - алаяқтар өздерін жеткізу қызметінің өкілі ретінде таныстырып, тапсырысты растау үшін SMS арқылы келген кодты айтуды сұрайды. Шын мәнінде, бұл код банк қосымшасына немесе жеке аккаунттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Кей жағдайда «сыйлық алу» сілтемесін жіберіп, соған өтуді өтінеді. Мұндай сілтеме арқылы да қаражат шешіп алынуы мүмкін.

Гүл сатушылар ресми дүкендердің растау кодын сұрамайтынын және күмәнді сілтемелерге өтуді талап етпейтінін ескертеді.

Полицейлердің айтуынша, тым арзан баға - басты қауіп белгісі. Бейтаныс сатушыларға алдын ала толық төлем жасамау және SMS-кодтарды ешкімге хабарламау қажет.

Мамандар мереке жақындаған сайын алаяқтардың әрекеті күшейетінін айтады. Бір букетке үнемдеймін деген ниет қаржыдан да, банк шоттарындағы жинақтан да айырылуға әкеліп соғуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Айдың жартысына жуығы – демалыс: наурызда қазақстандықтар қалай демалады

Новости партнеров