9240 тонна: Қазақстанда сиыр етіне импорттық квота бөлінеді

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Тарифтік квота көлемдерін бөлуге қатысу үшін үміткерлер белгіленген құжаттар пакетін ұсынуы қажет

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сиыр етін импорттауға 9,2 мың тонна квота бөлуге өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2026 жылдың 1 мамырынан 1 маусымына (қоса алғанда) дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 30 «Қазақстан Республикасына еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес қайта өңдеушілерге 2026 жылға сиыр етін әкелуге бөлінген 9 240 тонна тарифтік квота көлемін бөлуге қатысу үшін өтінімдер қабылдаудың басталғанын жариялайды.

Тарифтік квота көлемдерін бөлуге қатысу үшін үміткерлер белгіленген құжаттар пакетін ұсынуы қажет:

  • сиыр еті бойынша тарифтік квоталардың қажет етілетін көлемін көрсете отырып, сондай-ақ дайын тауардың әрбір түрі бойынша дайын өнімді өндіру кезінде пайдаланылған шикізат көлемінде сиыр етінің үлесін көрсете отырып жоғырыда көрсетілген Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім;
  • кәсіпорынның (дара кәсіпкерлер үшін — өнеркәсіптік өнім өндіріс (дайындау) объектісінің есеп нөмірін тіркеу туралы (растау) анықтамасы) алдыңғы толық жыл үшін құжатты қабылдау туралы статистика органының белгісімен өнімді өндіру және жөнелту туралы статистика органдарына есебінің нотариатта куәландырылған көшірмесі (не салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын міндетті түрде ұсынған кезде көшірмені).

Оқи отырыңыз: Теміржолдағы тегеурінді әулет: Алматыда жол шеберінің еңбек жолы дәріптелді

Новости партнеров