Аяқ-қолы жоқ адамды қайыр сұрауға мәжбүрлеген: сотта тың дерек мәлім болды

03.12.2025 18:46

Сотталушылар үкіммен келіспеген

Қарағанды қаласында аяқ-қолы жоқ адамды жылдар бойы қайыр сұрауға мәжбүрлеген топтың ісіне қатысты жаңа дерек мәлім болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мамырда сот ер адамның төрт танысын қайыр сұрауға мәжбүрледі деген айыппен 17 және 12 жылға соттаған. Алайда сотталушылар үкіммен келіспеген. Істі қайта қараған апелляциялық сот дәлелдердің жеткіліксіз екенін ескеріп, жазаны жеңілдетті. Осылайша төрт адам ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу деген айыптан ақталған. Ал басты күдіктінің жаза мерзімі 17 жылдан 11 жылға дейін қысқартылды. Басқа сотталушылардың да жазалары жеңілдеді. Енді олардың әрқайсысы 12 жылға емес, алты жыл бас бостандығынан айырылады.

«Фактіге қатысты аталған топтың табысты тең құқылы түрде басқарғаны және   адамдарды пайдалану арқылы алған кірістерін бірлесіп бөліскені туралы деректер расталмаған.  Дегенмен зардап шеккендерді пайдалану фактісі бойынша олардың кінәсі дәлелденді», – деді Қарағанды облыстық соты қылмыстық істер бойынша сот коллегиясының төрағасы Рашид  Нұрмағамбетов.

Оқи отырыңыз: Астанада биіктен секірмек болған бойжеткен құтқарылды