Тергеу мәліметінше, ер адам әйелдің басынан және денесінің жоғары бөлігінен бірнеше мәрте ұрған
Алматыда аялдамада тұрған зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан азамат бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тергеу мәліметінше, ер адам әйелдің басынан және денесінің жоғары бөлігінен бірнеше мәрте ұрған. Сот күдіктіні бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін кінәлі деп таныды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің барынша жоғары қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
Сондай-ақ сотталушы зейнеткерге 530 мың теңгеден астам материалдық шығын, 500 мың теңге моральдық өтемақы және өкіл қызметіне жұмсалған 500 мың теңгені төлеуге міндеттелді.
Оқи отырыңыз: Қылмыстық топтардың әрекетіне тосқауыл қойылды - ІІМ