Абай облысына үш өңірден полицейлер жіберіледі

31.07.2025 21:21

Жоспарланған 41 іс-шараның 11-ы Абай ауданында, ал 30-і облыс орталығында ұйымдастырылады

Almaty.tv

1–10 тамыз аралығында Абай облысында ұлы ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған кең ауқымды мерекелік іс-шаралар өтеді. Жоспарланған 41 іс-шараның 11-ы Абай ауданында, ал 30-і облыс орталығында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Абай облысының тәртіп сақшыларымен қатар Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарынан қосымша полиция күштері тартылады. Ішкі істер органдары өңір тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге толық дайын. Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және тәртіп сақшыларының заңды талаптарын орындауға шақырады.

Оқи отырыңыз: Мерейтойға тарту: 1922 жылғы Абайдың кітабы қайта жарық көрді