Абай облысында 350 адамнан 790 млн теңгеден астам қаржы жинаған топ құрықталды

09.06.2025 10:36

Қазіргі уақытта екі күдікті қамауға алынып, үшіншісіне үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды

Towfiqu barbhuiya/unsplash.com/

Абай облысында Rakhat0425 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұйымдастырушылар азаматтардан қаражат тартып, мемлекеттік сатып алуға қатысы бар жалған инвестициялық жобаға 30% дивиденд уәде еткен.

"Нәтижесінде 350 адамнан 790 миллион теңгеден астам қаражат жиналған. Сонымен қатар, күдіктілер азаматтарды пәтерлерін төмен бағамен беруге көндіріп, кейін оларды үшінші тұлғалардың атына рәсімдеген. Бұл мүлік «инвестициялық жарна» ретінде бағаланған", - деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігінің өңірдегі департаментінен.

Қазіргі уақытта екі күдікті қамауға алынып, үшіншісіне үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Айта кетейік, агенттікте қаржы пирамидаларының белгілерін тексеруге мүмкіндік беретін «Baiqa, piramida!» Telegram-боты жұмыс істеп тұр.

Егер Сіз немесе жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетіне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жүгініңіз.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы мен Шаньдун провинциясы туризм саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды