Абай облысында балаларына алимент төлемеген әке жауапқа тартылды

14.05.2025 21:30

Ол сегіз айға бас бостандығынан айырылды

Almaty.tv

Абай облысында балаларына 8 млн теңге алимент төлемеген әке жауапқа тартылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Семей қаласының 38 жастағы тұрғыны он бір жыл бойы өзінің кәмелетке толмаған екі баласына алимент төлемеген, балалар алдындағы борышы шамамен 8 млн теңгені құрады. Ер адам 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартыла отырып, бір жылға бас бостандығынан шектеу жазасына тартылды. Сотталған адам Семей қаласының Затон ауданының пробация қызметіне есепке қойылды, есепке қою кезінде сотталған адамға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілді. Бірақ жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, сотталған адам жазасын өтеу тәртібін бұзған, ол тіркеуге келмей, түнгі уақытта тұрғылықты жерінен кетіп қалған. Көп ұзамай оның орналасқан жері туралы ақпарат алу үшін электронды бақылау құралы қолданылды. Қызметкерлер базаны бақылау кезінде оның тұрғылықты жерінен бірнеше рет кеткенін анықтады. Ал сотталған достарымен сыра ішуге шыққанын мойындады, бұл үшін ол бас бостандығын шектеу жазасы қалған сегіз айға бас бостандығынан айыруға ауыстырылды.

«Абай облысы бойынша жыл басынан бері 99 сотталғанға электронды бақылау құралдары тағылды, 19 сотталғанның бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеу шарттарын бұзғаны үшін жазаны ауыстыру материалдары сотқа жіберілді», — дейді Затон ауданының пробация қызметінің бастығы Ерлан Қадырманов.

Дереккөз: Polisia.kz

Оқи отырыңыз: Саусақтарын сындырып, қылқындырған: тың дерек айтқан анасы қызының өзіне қол салғанына сенбейді