Абай облысында қар жауды: полиция жүргізушілерге ескерту жасады

05.10.2025 10:52

Қар аралас жаңбыр жауғандықтан, жол көктайғаққа айналған

Видеодан кадр

Абай облысында қар жауып, көктайғақ болуы себепті полицейлер жүргізушілерге жолда сақ болуды ескертеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында қар аралас жаңбыр жауғандықтан, жолдар көктайғаққа айналды. Сондай-ақ батыс пен солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді", - деп хабарлады Абай облыстық ПД өкілдері.

Патрульдік полиция қызметкерлері «Семей-Қарауыл» және «Семей-Өскемен» тасжолдарынан түсірілген кадрларды жариялады.

«Полиция департаменті жүргізушілерді қысқы доңғалақтарға көшуді алдын ала жоспарлауға, жылдамдықты қатаң сақтауға шақырады», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Михаил Шайдоров Денис Тен мемориалында жеңіске жетті