Абай облысында қызметкерлерін таспен қуған жүрген полиция бастығы жұмысынан қуылды

16.07.2025 15:11

Жағымсыз оқиға Жарма ауданына қарасты Шар қаласында болды

стоп кадр

Абай облысында қызметкерлерін айырсадақпен (рогатка) атып, қуып жүрген полиция бастығы жұмысынан қуылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Жағымсыз оқиға Жарма ауданына қарасты Шар қаласында болды. Оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаменті агенттік тілшісіне түсініктеме берді.

«Полиция департаменті қызметтік тексеруді аяқтады. Тәртіптік комиссияның шешімі бойынша Жарма ауданына қарасты Шар қалалық полиция бөлімінің бастығы қызметтік этика нормаларын бұзғаны үшін атқарып отырған лауазымынан босатылды», – делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.

Айта кетейік, осыған дейін желіде оқиғаның видеосы тарап, қоғам тарапынан сынға ұшыраған болатын.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда астық экспорты 58,4 пайызға артты