Шенеуніктер арнайы рұқсатынсыз 35 шаруашылыққа субсидия аударып жіберген екен
Абай облысында су субсидияларын бөлу кезінде 24 млн теңгенің заңсыз аударылғаны анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Табиғат қорғау прокуратурасының мәліметінше, мал шаруашылығы нысандарын сумен қамтамасыз ету барысында бірқатар заңбұзушылық болған.
Нақтырақ айтсақ, Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары мен маманы арнайы су пайдалану рұқсатынсыз 35 шаруашылыққа субсидия аударып жіберген екен. Соған қарамастан, бұл іске қатысы бар екі қызметкерге тек тәртіптік жаза қолданылыпты.
«Абай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жайылымдарды суландыру мен мал шаруашылығы нысандарын сумен қамтамасыз етуге жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялар бөлу барысында заңбұзушылықтарды анықтады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, субсидия алудың шарттарының бірі арнайы су пайдалану рұқсатының болуы», - деді Абай облысы прокуратурасының ресми өкілі Еркебұлан Қожанбаев.
Оқи отырыңыз: Полиция алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті