Абай - ұлы ойшыл: Алматыда ақынның әндері бірнеше тілде орындалды

Басқосуда ақынның қара сөздері мен философиялық ойлары талданды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Абай – ұлы даланың ұлы ойшылы». Алматыда осындай тақырыпты ғұламаның 180 жылдығына арналған жиын өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жазушылар кітапханасында ұйымдастырылған іс-шараға ақын-жазушылар, әдебиеттанушылар, қоғам қайраткерлері мен жастар қатысты. Басқосуда ақынның қара сөздері мен философиялық ойлары талданып, әндері бірнеше тілде орындалды.

 «Бұл – той тек қазақтың тойы емес, күллі түркі әлемінің, адамзаттың тойы. Абайдың артында қалған мол әдеби мұрасы – бүкіл әлемдік деңгейдегі рухани қазына. Бүкіл дүниежүзілік өркениеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан Абайды кең көлемде насихаттап, таныту  – дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты», – деді Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Серікқазы Қорабай.

«Абай атамыздың қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегі зор. Бәріміз  Абай атамыздың өлеңдерімен сусындап өстік», – деді Ш. Құдайбердіұлының шөбересі Нұрлан Зиятов.

Оқи отырыңыз: Book Vibe: Алматыда Абай кітаптарының көрмесі өтті

 

 

 

Новости партнеров