Қазір жасөспірім қамауға алынып, абайсызда адам өлтіру бабы бойынша іс қозғалған
Жамбыл облысында 13 жастағы бозбала аңға шығам деп қаза болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қайғылы жағдай Мойынқұм ауданындағы Күшаман ауылында болған. Екі жасөспірім аңшылық мылтықты алып түнгі уақытта аң аулауға шыққан. Сөйтіп бірі мылтықпен қоянды атып жаралаған. Артынша екінші жасөспірім ұстап алу үшін аңның артынан жүгірген көрінеді. Сол сәтте қаруы бар жеткіншек тағы оқ атқан.
Өкінішке қарай, қаңғыған оқ досына тиген. Қайғылы оқиғаның болғанын Полиция департаменті растап отыр. Қазір жасөспірім қамауға алынып, абайсызда адам өлтіру бабы бойынша іс қозғалған.
Тәртіп сақшылар баланың ата-анасын да жауапқа тартпақ.
Оқи отырыңыз: Адам өлтіруге тапсырыс берген күдікті Дубайда ұсталды