Абай облысында 13 жеңіл және 25 жүк көлігі жолда қалып қойған

11.12.2025 12:30

Өңір полицейлері жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күшейтілген режимде қызмет атқарды

Depositphotos

Абай облысында полиция жолдардың жабылуына байланысты жүргізушілерді жылыту пункттеріне эвакуациялады. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

10 желтоқсандағы қолайсыз ауа райы Абай облысындағы жол жағдайын қиындатып, бірқатар автожолдың уақытша жабылуына себеп болды. Өңір полицейлері жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күшейтілген режимде қызмет атқарды.

"Жарма ауданындағы Қалбатау — Көкпекті трассасының учаскесінде 13 жеңіл және 25 жүк көлігі қалып қалған. Көктайғақ пен көрінудің шектелуі бұл бағыттағы қозғалысты айтарлықтай қиындатты. Барлық жүргізушілер мен жолаушылар жылыту пунктіне эвакуацияланып, онда 24 адам орналастырылды. Оларға қажетті көмек көрсетілді", — делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерден олардың бағытын нақтылады, жабық бағыттар туралы ескертіп, адамдарды қауіпсіз жерге жеткізуді ұйымдастырды. 

Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентін Ақордада қарсы алды