Кәсіпорын жылына 11 400 тоннаға дейін ет пен ет өнімдерін өңдеуге бағытталған
Өңірде агроөнеркәсіптік сектордағы ең ірі нысандардың бірі болатын ірі ет өңдеу кешенінің құрылысы салынып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кәсіпорын жылына 11 400 тоннаға дейін ет пен ет өнімдерін өңдеуге бағытталған.
Инвестицияның жалпы көлемі 7,7 млрд теңгені құрайды. Жаңа өндірісте консерві, шұжық өнімдері, жартылай фабрикаттар және ет деликатестері шығарылатын желілер жұмыс істейтін болады.
Комбинаттың қуаттылығы бір ауысымда 70 бас ірі қара және 700 бас ұсақ мал өңдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ауысымына 3 тонна шұжық өнімдері және 5 тонна консерві өндіретін цехтардың ашылуы қарастырылған.
Құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін ғимараттың көтергіш қаңқасын тұрғызу, шатыр орнату және қабырғаларды сэндвич-панельдермен қаптау жоспарланған.
Ет комбинатын толықтай іске қосу келесі жылдың тамыз айына жоспарланып отыр.
Оқи отырыңыз: Алматы облысының оқушылары шетелдік мектептің грантын жеңіп алды