Абай облысында колонияда болған жанжалдан сотталушы қаза тапты

01.02.2026 16:54

:Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды

Аlmaty.tv

Абай облысындағы қатаң режимдегі қауіпсіздігі жоғары мекемеде сотталғандар арасында өліммен аяқталған оқиға болды. Тұтқынның қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) баспасөз қызметінің мәліметінше, екі сотталғанның арасында жанжал шыққан, соның салдарынан олардың бірі өмірімен сыйыспайтын дене жарақатын алған.

Жанжал барысында бір сотталған екіншісіне дене жарақатын салған, нәтижесінде жәбірленуші қаза тапты, – деп хабарлады ҚАЖК.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс «Адам өлтіру» бабымен тергеліп жатыр.

Ведомство қазіргі уақытта тергеу шараларының кешені жүргізіліп жатқанын, мекемедегі жағдай тұрақты екенін атап өтті. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр, тергеу барысы ҚАЖК басшылығының бақылауында.

Оқи отырыңыз: Армия аналар көзімен: Ашық есік күнінде әскери бөлімдерге 4 мыңнан аса адам келді