Абай облысында мемлекеттік жер телімдері заңсыз пайдаланылып келген

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Заңсыз иеленген жер телімі босатылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Абай облысында мемлекет меншігіндегі жер телімдерін өз бетінше иелену фактісі тіркелді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл жағдай ҚР АШМ ЖРБК облыстық жер ресурстарын басқару департаменті қызметкерлерінің жоспардан тыс тексерісі барысында анықталды.

«Тексеріс барысында Семей қаласында орналасқан жер учаскесін бір серіктестік құжаттарсыз және құқықтық негізсіз заңсыз пайдаланғаны белгілі болды. Мұндай әрекеттер ҚР жер заңнамасының талаптарын өрескел бұзу саналады», - делінген хабарламада.

Тексеру қорытындысы бойынша азамат ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 136-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Серіктестікке айыппұл салынды, заңсыз иеленген жер телімі босатылды.

Оқи отырыңыз: Ұлытау облысында зымыран бөлшектері табылды

Новости партнеров