Абай облысында төрт күн ішінде 17 мас жүргізуші ұсталды

24.11.2025 08:46

Нәтижесінде арнайы автотұраққа 71 көлік орналастырылды

Абай облысының әкімдігі

Өңірде жүргізілген «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасының барысында жол апаттары мен жода жүру ережесін сақтау жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Арнайы шара барысында мыңдаған жол ережесін бұзу әрекеттерінің жолы кесілді. 17 жүргізуші мас күйінде көлік басқарғаны үшін, 5 адам көлік жүргізу құқығынан айырылса да көлік басқарғаны үшін ұсталды",-делінген хабарламада.

Нәтижесінде арнайы автотұраққа 71 көлік орналастырылды.

Оқи отырыңыз: Такси қызметі: Қазақстанның қай қаласында баға арзан