Жәбірленушілерге келтірілген шығын 750 мың теңгеден асқан
Абай облысында жоқ пәтерлерді жалға беремін деп адамдарды сан соқтырған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Күдікті интернеттегі танымал платформаларға жалған хабарландырулар жариялаған. Арзан бағаға қызыққан азаматтармен байланысып, алдын ала төлем талап еткен. Ақшаны алған соң хабарсыз кеткен. Полиция күдіктінің 40-тан астам алаяқтық эпизодына қатысы барын анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген шығын 750 мың теңгеден асқан. Қазір 22 жастағы алаяқтың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Орал қаласының 22 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта оның осыған ұқсас 40-тан астам қылмыс эпизодына қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі шамамен 750 мың теңгеден асады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс қимыл басқармасының жедел уәкілі Нұрлыбек Ақшолақов.
Оқи отырыңыз: Аялдамада зейнеткерді соққыға жыққан азамат сотталды