Абысын-ажын: елімізде үздік аудан келіндері анықталып жатыр

Қызылорда қаласында қазанда республикалық кезең өтеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Қазақ аналары - дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен «Абысын-ажын» атты байқау өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шаһардағы сауда кешенінде ұйымдастырылған іс-шараға қала мен облыстан бірнеше отбасының келіндері қатысқан. Олар ұлттық қолөнер, өлең және салт-дәстүрге негізделген 4 түрлі кезең бойынша бақ сынады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды ұрпаққа үлгі ету, сондай-ақ отбасындағы татулық пен ұйымшылдықты насихаттау.

 «Биыл республикалық байқау төртінші рет өткізіледі. Барлық аймақта аудандық «Абысын-ажын» байқауы өтіп жатыр. Қыркүйектің соңы немесе қазанның басында  республикалық кезең Қызылорда қаласында өтеді. Қай қала жеңсе, сол қалада көшпелі түрде өткізіліп отырады», – деді  «Қазақ аналары - дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы Айнұр Жүгінісова.

Оқи отырыңыз: Н. Сац атындағы аңызға айналған балалар театры Оқушылар сарайында спектакль қойды

Новости партнеров