Шерзат ісіне қастысты сотталған Думан Ысқақ рақымшылыққа ілінуі мүмкін

Бұл туралы Мәжіліс кулуарында депутат Абзал Құспан мәлімдеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотталушылардың бірі Думан Ысқақ рақымшылыққа ілінуі мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында депутат Абзал Құспан мәлімдеді, деп хабарлайы Almaty.tv.

Оның айтуынша, заңға сай қылмыстық кодекстің 434-бабы яғни, қылмыс туралы хабарламау бойынша жазаланған азаматқа рақымшылық қарастырылады. Ал адам өліміне әкеліп соққан істе рақымшылық актісі қолданылмайды. Шерзат ісінде Думан Ысқақ дәл осы бап бойынша бір жарым жылға сотталған. Оның изолятордағы бір күні екі күн ретінде есептелетін болады.

Айта кетейік, мәжілісмендер Конституцияның 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заң жобасын қабылдады. Құжатта барлығы 15 мың адамның рақымшылыққа ілінетіні жазылған. Оның ішінде 4 жасөспірім бар.

«Шерзат Полатқа қатысты істі барлығымыз қарап отырмыз ғой. Ол жерде адам өліміне әкеліп соққан қылмыс болғандықтан рақымшылық актісі қолданылмайды. Заң жобасының 4-бабында қандай баптар бойынша рақымшылық қолданылмайтыны нақты көрсетілген. Егер сол бапқа сәйкес келетін болса, кәмелетке толмаса да, яғни әлеуметтік осал топқа жатса да оларға қатысты қолданылмайды», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Абзал Құспан.

Оқи отырыңыз: Мәжіліс рақымшылық туралы заңды қабылдады

Новости партнеров