Қазақстандық балуан Азия чемпионатында жеңімпаз атанған болатын
Қазақстандық балуан Жәмилә Бақбергенова Біріккен күрес әлемінің (UWW) әйелдер арасындағы жаңартылған рейтингінде өз салмағында көш басындағы орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, қазақстандық балуан Жәмиля Бақбергенова 2025 жылғы Аммандағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанып, 10 000 ұпайға ие болған еді.
«Осылайша, 51 000 ұпаймен 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингтің бірінші сатысындағы орнын сақтап қалды», - делінген хабарламада.
Екінші орынға 45 000 ұпаймен жапониялық Ами Иши орналасқан. Үшінші орынға Моңғолия өкілі Болортунгалаг Зоригт жайғасқан, оның қоржынында 34 700 ұпай бар.
Оқи отырыңыз: Рақымшылыққа кімдер ілігеді - заң жобасы мақұлданды