Адам папиллома вирусы: 240 мыңға жуық екпе егілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда адам папилломасы вирусына қарсы 240 мыңға жуық вакцина егілді. Мамандардың айтуынша, бұл дертке қарсы екпенің тиімділігі мен қауіпсіздігі халықаралық деңгейде дәлелденген. Қазіргі таңда әлемнің 147 елі аталған шараны ұлттық егу кестесіне енгізіп отыр. Оның ішінде 76 мемлекет қыздарға ғана емес, ұлдарға да вакцина салуға кіріскен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айта кетейік, Қазақстан да аталған тәжірибені негізге алып, 11 жастағы ұл балаларды қатарға қосуды көздеп отыр. Елдегі вакцинация барысы мен қазіргі ахуал жөнінде сұрақтарға Инфекцияларды бақылау басқармасының бас сарапшысы Мәдина Орысбаева жауап береді.

– Мәдина ханым, қазірге дейін вакцинаның кері әсері тіркелді ме және екпеден бас тартқандар  бар ма?

«Елімізде адам папиллома вирусына қарсы екпе жұмыстары жалғасуда. 240 мыңнан астам қызға екпе егілді. Оның ішінде 150 мың қыз бірінші доза, 90 мыңнан астам қызға екінші дозамен салынды. Вакцинациялау тек ата-ананың келісімінен кейін жүргізіледі. Денсаулық сақтау жүйесі кодексіне сәйкес ата-аналар екпеден бас тарта алады. Қазір 300 ден астам ата-ана екпеден бас тартқан. Сонымен қатар, екпеден кейін кері әсері байқалмады».

– Еске сала кетіңізші, екпе қай жастан бастап егіледі?

«ДДСҰ ұсынымдарына сәйкес, 9 және 13 жастағы қыз балаларға екпе салынады.  Бірақ өндірушінің нұсқаулығында 9 жастан бастап 45 жасқа дейінгі жас мөлшері көрсетілген. Елімізде «Гардасил» екпесі қолданылады. Ол адам памиллома вирусының төрт түрінен қорғайды».

– Бұл вирус қандай ауруларға себеп болады?

«Адам  памиллома вирусы кең таралған. Әлемде вирустың 200 ден астам түрі бар. Ол онкологиялық ауруларды тудыруы мүмкін. Оның ішінде кең таралаған  ауру – жатыр мойыны обыры. Жыл сайын елімізде 1900 жағдай тіркеледі, 600 әйел осы дерттен қайтыс болады. Сонымен қатар адам памиллома вирусы тік ішектің, ауыз қуысының обырын тудыруы мүмкін».

Оқи отырыңыз: Түнгі рейд: Алматыда 400-ден аса жасөспірімнің ата-анасына ескерту жасалды

Новости партнеров