Адам саудасы: биыл 197 қылмыстық іс тіркелді

Мәжіліс депутаттары да Қазақстанда адам саудасы әлі де тыйылмай тұрғанын жасырмады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде адам саудасы өршіп тұр. Биыл 197 қылмыстық іс тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның ішінде адам ағзасын сатуға қатысты 22 қылмыстық іс анықталса, жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар мен жеңгетайлық бойынша 119 қылмыс әшкере болған. Бұл туралы арнайы жиында Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан Қылмысқа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары Шынар Көшербаева айтты. Отырысқа қатысқан Мәжіліс депутаттары да Қазақстанда адам саудасы әлі де тыйылмай тұрғанын жасырмады. Сондай-ақ шетелге жұмысқа орналастырамыз дейтін компанияларды да тексеру керек екенін айтты.

"Адам саудасына қатысты арнайы заң болса да, қылмыс саны азаяр емес. Азаматтарды «шетелге жұмысқа орналастырамыз» деп алдап, құрығына түсіріп, шекара асырып жіберетін компаниялардың бары жасарын емес. Жастарға осындай қызмет ұсынатын мекемелердің жұмысын бақылайтын уақыт келді деп есептеймін", – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ажар Сағандықова.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы Панфилов көшесі қайта жаңғыртылды

Новости партнеров