Бұл туралы Ұлттық инженерлік академияда өткен дөңгелек үстел басында айтылды
Баламалы энергия көздері елдегі электр энергиясына деген қажеттілікті тұрақты өтей алмайды. Сондықтан АЭС аталған саладағы тиімді әрі тұрақты жалғыз таңдау болмақ. Бұл туралы Ұлттық инженерлік академияда өткен дөңгелек үстел басында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сарапшылар мен сала өкілдері бас қосқан жиында АЭС салудың оң және теріс тұстары таразыланды. Қызу пікірталаста станса құрылысының негізгі мәселелері мен мүмкіндіктері де талқыға түсті.
"АЭС іске қосылған жағдайда 2000-нан аса жұмыс орнын қажет етеді. Ол да өзінің экономикалық-әлеуметтік әсерін тигізеді. Мектеп, аурухана, балабақшалар салынуы керек. Кші және орта бизнес дамиды", – деді Ядролық физика институты зерттеу реакторы кешені бас инженердің орынбасары Асхат Бекбаев.
Оқи отырыңыз: АЭС салынса, электр қуаты арзандауы мүмкін