Байқауға еліміздің кез келген тұрғыны қатыса алады
Елімізде алғашқы атом электр станциясына атау беру бойынша жарияланған конкурс қарқын ала бастады. ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің мәліметінше, 25 қыркүйектегі сағат 12:00-ден 26 қыркүйектегі сағат 12:00-ге дейін eGov Mobile қосымшасы арқылы 9 945 ұсыныс келіп түскен, деп хабарлайды Аlmaty.tv агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, АЭС-ке ең үздік атау беру жөніндегі жалпыхалықтық конкурс 25 қыркүйеккүні сағат 12:00-де басталған болатын. Оған қатысу eGovMobile мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі: басты бетте «АЭС-ке атау ұсыныңыз» деген баннер орналастырылған.
«Бастаманың мақсаты – болашақ станцияның тарихи, мәдени және ұлттық маңызын айқындайтын атауды таңдау», - делінген ведомство хабарламасында.
Байқауға еліміздің кез келген тұрғыны қатыса алады. Ол үшін:
Ұсыныстар 2025 жылғы 10 қазан сағат 23:59-ға дейін қабылданады.
Конкурстың ережелерімен ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ресми сайтында және ведомствоның әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында танысуға болады.
Ұйымдастырушылар еліміздің барлық азаматтарын энергетикасы тарихына үлес қосып, Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке атау ұсынуға шақырады.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда 216 млрд теңгеге алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салынады