АЭС салу жөніндегі референдум: Энергетика министрі пікір білдірді

06.10.2024 14:27

Алмасадам Сәтқалиев алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Еліміздің Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев те бүгін алғашқылардың бірі болып дауыс берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.   

Ол өз таңдауын Астанадағы №203 учаскеде жасады. Ведомство басшысы журналистердің референдумнан қандай нәтиже күтесіз деген сұрағына жауап берді.

«Референдумның аяқталғанын күтейік. Негізі, заң бойынша жалпыхалықтық дауыс беруден кейін 7 күн бойы нәтижесі саналады. Дегенмен бір жыл бойы өңірлерді аралап, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Бұған көптеген тәжірибелі сарапшы да атсалысты. Енді халықтың таңдау жасауы ғана қалды. Сабырлық сақтап, әліптің артын бағып, референдумнің біткенін күтейік», - деді ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Оқи отырыңыз: Жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара: Мәулен Әшімбаев референдум жайлы