АЭС-те неше адам жұмыс істейді

Almaty.tv
Almaty.tv

Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк колледжінде жиын өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк колледжінде АЭС құрылысына қатысты жиын өтіп, қоғам үшін маңызды мәселе талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мекеме ұжымы Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары және сала мамандарымен бірлесе, АЭС-тың келешегі жайлы пікір білдірді. Сондай-ақ қауіпсіздік, кадрлық әлеует, қаражат пен энергия тапшылығы сынды тақырыптар талданды. Сұрақ-жауап форматында өткізілген басқосуда озық мемлекеттердің тәжірибесі де сөз болды.

Біріншіден, қаржының 20 пайызын Үкімет төлесе, қалғанын сыртқы инвестор еншісінде. Екіншіден, құрылыс жұмыстары басталғанда 10 жылдың ішінде 8 мың адам, ал станса іске қосылғанда 2 мың адам жұмыс істейді, – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков.

 

 

 

Новости партнеров