Оның айтуынша, АЭС-ты салатын елдермен арадағы келіссөзде санкциялық келісім қарастырылады
АЭС құрылысына қатысты консорциум құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін брифингте Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді, деп хабарлады Almaty.tv
Оның айтуынша, АЭС-ты салатын елдермен арадағы келіссөзде санкциялық келісім қарастырылады. Арнайы жобалық топ құрылып, қауіпсіздік мәселесін жан-жақты зерделеуге күш салады. Министрлер кабинетінің мүшесі «барлық мүмкіндіктер қарастырылып, шешім қабылданады» деді.
"Біз үшін қауіпсіздік бірінші орында тұр. Салынатын жаңа стансада өз саласының көшбасшысы саналатын өндіруші елдің озық технологиясы болғанына қызығушылық танытып отырмыз. Арнайы жобалық топ болады. Соңғы шешім конфигурация бойынша қабылданады. Онымен мен де, Энергетика министрі де айналыспайды", – деді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр.
Оқи отырыңыз: Елімізде жалпыұлттық референдум ресми өтті - ОСК