Агробизнес: БҚО-да заңсыз несие рәсімдеген серіктестікке қатысты тергеу аяқталды

Күдікті бақылауындағы шаруа қожалығына 126,7 млн теңге көлемінде жеңілдетілген кредит алып берген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

БҚО-да «Агробизнес» бағдарламасы арқылы заңсыз несие рәсімдеген серіктестік басшысына қатысты тергеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күдікті бақылауындағы шаруа қожалығына 126,7 млн теңге көлемінде жеңілдетілген кредит алып берген. Алайда ол қаражатқа мал сатып алынбаған, керісінше ақша қолма-қол шешіліп, мақсатсыз жұмсалған. Сонымен қатар мал шаруашылығының ақпараттық жүйесіне жалған мәлімет енгізу арқылы ол 24 млн теңге көлеміндегі субсидияны да заңсыз иемденген.

«ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті несиелік серіктестік басшысына қатысты 150,7 млн теңге көлеміндегі субсидияны жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады.  Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдікті жер телімдерін сатып алып, олардың бірінде сауна мен сауда үйін салған. Мүлікті жасыру мақсатында оны туысының атына рәсімдеген. Сот санкциясымен жалпы құны 198 млн теңге болатын мүлікке тыйым салынды», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің басқарма басшысы Салтанат Көшербаева.

Оқи отырыңыз: Қызылорда облысы тұрғынының үйінен есірткі зертханасы табылды

Новости партнеров