АИТВ-ның жұғу жолдары мен одан қорғану тәсілдері қандай

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Іс-шара Репродуктивті денсаулық апталығы аясында ұйымдастырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2025 жылғы 13 мамырда Алматы технологиялық колледжінің студенттері АИТВ инфекциясының алдын алу туралы көптеген жаңа және пайдалы ақпарат алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қалалық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары студенттерге АИТВ-ның жұғу жолдары мен одан қорғану тәсілдері туралы дәріс оқыды. Іс-шара Репродуктивті денсаулық апталығы аясында ұйымдастырылды.

АИТВ-ның алдын алу — бұл, ең алдымен, ақпараттанудан басталады. Білім жастарға өз денсаулығына және қауіпсіздігіне саналы түрде қарауға көмектеседі.

АИТВ мен ЖЖБИ-дің (жыныстық жолмен берілетін инфекциялар) алдын алудың ең тиімді әдістерінің бірі – әрбір жыныстық қатынас кезінде мүшеқап қолдану. Сондай-ақ АИТВ мен басқа да ЖЖБИ-ларға үнемі тест тапсырып отыру маңызды.

"АИТВ-ның алдын алу шараларында стигма мен кемсітушілікке қарсы күреске ерекше назар аударылады. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға ашық және құрметпен қарау – олардың өз мәртебесін білуден қорықпай, көмек сұрап, қажет болған жағдайда уақытылы емделуіне мүмкіндік береді", – дейді Алматы қаласы ЖИТС орталығының әлеуметтік қызметкері Дербисәлиева Ансагүл.

Іс-шара барысында барлық қалаушылар өз АИТВ мәртебесін анықтай алды. Медициналық қызметкерлер экспресс-тестілеу жүргізіп, нәтижелер небәрі 20 минут ішінде дайын болды. Тестілеуден өткен барлық азаматтарға психоәлеуметтік кеңес берілді.

 

Новости партнеров