Әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн теңге
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Almaty.tv Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Биыл бесінші рет ұйымдастырылатын ұлттық сыйлыққа «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік әдеби аударма», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік әдеби сын» және «Үздік комикс» номинациялары бойынша бұрын жарияланбаған туындылар қабылданады.
Байқауға отандық жазушылар қатыса алады және үміткерлердің жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн теңге. Әр номинацияға 5 млн теңгеден беріледі.
Өтінім 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін www.aiboz.kz сайты арқылы қабылданады.
Ұлттық әдеби сыйлық жыл соңында табысталады.
Оқи отырыңыз: "Балқия" есімімен танылған актриса сүйінші сұрады