«Айналайын, келе ғой»: атпен жүрген полицей айдалада 3 жасар баланы тауып алған

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Бүлдіршін адасып кеткен екен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Абай облысында жүрек тебірентер оқиға орын алды. 8 сәуір күні Ақсуат ауданында 3 жастағы бала байқатпай үйдің ауласынан шығып кетіп, жоғалып кеткен. Таңертең ерте туыстары іздеуді бастап, шамамен сағат 11:00-де полицияға хабарласқан, - деп хабарлайды Almaty.tv. облыстың ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы сәттен бастап барлық күштер дереу жұмылдырылды. Полицейлер уақыттың әр минуты қымбат екенін түсініп, айналаны түгел тексерді. Бірнеше сағаттан кейін іздеу барысында атпен жүрген полиция қызметкері айдалада кішкентай баланың бейнесін байқап қалған. Бүлдіршін елді мекеннен алыс жерде жалғыз өзі жүрген.

Кішкентай бала үшін алаңдаған полицей оны “Айналайын, келе ғой…” деп өзіне қарай шақырған.

Сағат 14:00 шамасында бала елді мекеннен шамамен 3 шақырым жерден табылды. Бала адасып кеткен екен. Қуанышқа орай, ол аман-есен, өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

Көп ұзамай бала ата-анасына тапсырылды. 

Бұл оқиға үйлесімді әрекеттің, адамгершіліктің, жедел әрекет етудің маңызын еске салады. 

Оқи отырыңыз: Алматыда 10 ойын-сауық мекемесінің жұмысы тоқтатылды

Новости партнеров