Айыппұл емес, ескерту: санитарлық бақылауда не өзгереді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда былтыр білім беру және тәрбиелеу нысандарына санитариялық-эпидемиологиялық бақылаулар жүргізіліп, 51 жағдайға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған. Соның нәтижесінде көрсеткіш 62 пайызға жеткен. Ал биыл ақпан айынан бастап бақылау мен қадағалауды көздейтін нормативтік құқықтық актілер күшіне енеді. Онда қандай жағдайлар қарастырылған? Жаңа жүйе несімен тиімді?

Осы және өзге де сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гауһар Каткенова жауап береді.

– Гауһар Сұлтанқызы, сіздер қанша білім беру және тәрбиелеу нысанын бақылап отырсыздар? Былтырғы көрсеткіштермен салыстырғанда қандай өзгеріс бар? 

«Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аудандық басқармаларының қадағалауында 2700-ден астам балалардың тамақтану, білім алу, сауықтыру және тәрбиелеу обьектілері бар. 2025 жылы 161 тексеру жүргізілді. Ол тексерулердің басым бөлігі – жоспардан тыс тексерулер. Көбінесе жеке адамдардың шағымдары, өтініштері арқылы жүргізілген тексерулер. Бұл тексерістердің нәтижесінде санитарлық қағидаларды бұзғандар анықталып, 19 миллионға жуық айыппұл салынып, жедел ден қою шаралары қабылданды. Көп жағдайда микроклиматқа, жарықтануға байланысты гигиеналық нормативтердің сақталмауы болып отыр. Сонымен қатар тазарту және жөндеу жұмыстарының өз мезгілінде жүргізілмеген. Енді оқушылардың және тәрбиелеу объектілеріндегі балалардың тамақтануы жіті бақылауымызда. Сондықтан былтырғы жылы жаңа тамақтану стандарттарын барлық қаланың мектебіне енгізілген болатын. Сол стандарттарға сәйкес, жұмыс жүзеге асырылып отыр.  Тамақтану деңгейі және оның сапасы жөнінде шағымдар бар, екі жағдайда расталды. Тамақтың құнсыздығы анықталып, жауапты тұлғаларға айыппұл салынды».

– 1 ақпаннан бастап ерекше бақылау мен қадағалауды көздейтін нормативтік-құқықтық актілер күшіне енеді деп жатырмыз. Сонда қандай өзгерістер болады? Тексерістер қалай жүргізіледі?

«2026 жылдың 1 ақпанынан бастап санитарлық-эпидемиологиялық саулықты қадағалау сферасында бақылау-қадағалаудың жаңа форматы енгізілейін деп отыр. Ол – ерекше бақылау және қадағалау түрі. Біріншіден, профилактикалық бағыт кеңінен қолданылған, өйткені тексеру кезінде заңбұзушылықтар анықталатын болса, бірден айыппұл салынбайды, санитарлық ұйғарым беріледі. Ал ден қою шараларына негіз болатын бұзушылықтар анықталатын болса, онда жедел ден қою шаралары қолданылатын болады. 

Сонымен қатар бақылаудың бұл түрінің тағы бір ерекшелігі ол тексерілетін субъектілерді алдын ала ескерту жасалмайды. Яғни кенеттен тексеру қағидаты сақталады. Эпидемиологиялық мәні жоғары объектілер тәуекел дәрежесі жоғары, ал эпидемиологиялық мәні болмашы объектілер тәуекел дәрежесі төменге жататын болады. Тәуекел дәрежелеріне байланысты жоспарлы тексерулердің жиілігі жылына екі рет, жарты жылда бір рет жүргізіледі. Сонымен қатар мониторинг Президенттің тапсырмасына, Президент әкімшілігің тапсырмасына және бас санитарлық дәрігердің тапсырмаларына сәйкес жүргізілетін болады»7

Оқи отырыңыз: Алматы мектептерінде қауіпсіздік деңгейі тексеріліп жатыр

Новости партнеров