Ақ халаттыларға күш көрсеткендер 15 жылға дейін сотталуы мүмкін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін қорғауды күшейтуді тапсырған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда дәрігерлерге шабуыл жасағандарға жаза күшейтіледі. Енді ақ халаттыларға күш көрсеткендер 15 жылға дейін сотталуы мүмкін. Бұл туралы Үкіметтің брифингінде айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айта кетейік, күзде Парламент қарауына арнайы заң жобасы ұсынылады. Құжатта Қылмыстық кодекске жаңа бап енгізу көзделген. Онда медицина қызметкерлерін қорқытып, күш қолданғандар үшін нақты жазалар белгіленеді. Мәселен, дәрігерге қоқан-лоқы көрсеткен адам 2 жылға дейін бас бостандығынан шектелмек. Ал бір дәрігерге физикалық тұрғыда күш қолданғандар 2 жылдан 7 жылға дейін сотталуы мүмкін. Егер мұндай әрекет төтенше жағдайда жасалса, жаза 10 жылға дейін ұзарады. Бірнеше медицина қызметкеріне шабуыл жасағандар да 15 жылға дейін түрмеге қамалмақ.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін қорғауды күшейтуді тапсырған.

«Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, алдын ала оң қорытындыларды пысықтап жатырмыз. Қылмыстық кодекске медициналық қызметкерлерге жасалған шабуылдарға қатысты жеке баптар енеді. Яғни жаңа 158-1 бабы. Бұл – медицина қызметкерлерін қорғауға арналған өте орынды әрі әділ шаралар. Бұл өзгерістер қыркүйек айында Парламентке енеді, – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Оқи отырыңыз: МӘМС: Алматыда 95 мыңға жуық адам қосымша сақтандырылмақ

Новости партнеров